jitsu gif
Спорт

    Азия чемпионатында тағы бір қазақстандық спортшы алтын медаль иеленді

    Айбота Ертайқызы
    Айбота Ертайқызы. Фото: olympic.kz

    Қазақстандық гимнаст Айбота Ертайқызы Ташкенттегі Азия чемпионатында алтын жүлде еншіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Айбота Ертайқызы таспамен жаттығуда 32,90 ұпай жинап, топ жарды. Күміс жүлдені өзбекстандық Тахмина Икромова, қоланы жапондық Рейна Мацусака қанжығалады.

    Айта кетейік, Айбота Ертайқызы доппен жаттығуда күміс, шығыршықпен жаттығуда қола медаль еншіледі.

    Осыған дейін тағы бір қазақстандық гимнаст Эльжана Таниева шығыршықпен жаттығу бойынша үздік атанып, алтын жүлде иеленген еді. Ол сондай-ақ көпсайыстан да бірінші орын алып, Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.

    Ташкенттегі Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық сайыстар бойынша да сәтті өнер көрсетіп жатыр. Ересектер құрамасы бес шығыршықпен жаттығуда қола жүлдегер атанса, жасөспірімдер құрамасы командалық көпсайыстан алтын және күміс медальға қол жеткізді. 

    Азия чемпионатында тағы бір қазақстандық спортшы алтын медаль иеленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.