jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Криштиану Роналду "Реал Мадридке" ауысқан Мбаппеге жазба арнады

    Килиан Мбаппе және Криштиану Роналду
    Килиан Мбаппе және Криштиану Роналду. Фото: instagram.com/k.mbappe

    Әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналду франциялық ойыншы Килиан Мбаппенің "Реал Мадридке" ауысуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Кеше, 3 маусымда Килиан Мбаппе ресми түрде испаниялық "Реал Мадрид" командасының ойыншысы атанды. 25 жастағы футболшы мадридтік командамен 5 жылға келісімшартқа отырды.

    Мбаппе Instagram желісіндегі ресми парақшасына ескі суреттерін жариялап, арманы орындалғанын жазды. Бұл жазбаның астына Криштиану Роналду пікір қалдырды.

    "Енді мен сенің өнеріңді тамашалаймын. "Сантьяго Бернабеу" стадионында атой салатыныңды көруге асықпын. Алға, Мадрид!", - деп жазды Роналду.

    Килиан 2017 жылдан 2024 жылға дейін франциялық "ПСЖ" футбол клубында ойнады. Ол жеті жыл ішінде Франция чемпионатын алты рет жеңіп алды, төрт рет Франция кубогының, үш рет ел Суперкубогының, екі рет Франция лигасы кубогының жеңімпазы болды. Франция құрамасымен бірге Мбаппе 2018 жылы әлем чемпионы атанды.

    Криштиану Роналду "Реал Мадридке" ауысқан Мбаппеге жазба арнады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.