jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Белал Мухаммадтың Шавкат Рахмонов туралы видеосы көпшілікті күлкіге қарқ қылды

    Шавкат Рахмонов пен Белал Мухаммад
    Шавкат Рахмонов пен Белал Мухаммад. Нейрожелі арқылы жасалған видеодан скриншот: twitter.com/bullyb170

    Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мухаммад X желісіндегі парақшасында Шавкат Рахмоновқа қатысты ерекше видео жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Белал Мухаммад нейрожелінің көмегімен жасалған екі видеоны бөлісіп, "Жақында" деген жазба қалдырды. Бірінші видеода оның қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновпен, екіншісінде ирландиялық спортшы Иэн Гэрримен күш сынасып жатқаны бейнеленген.

    Айта кетейік, Белал Мухаммад 8 желтоқсанда өтетін UFC 310 турнирінде Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке шығып, титулын қорғауы керек еді. Бірақ ол инфекция жұқтырып алып, ауруханаға түскендіктен, кездесу өтпейтін болды. Ал Шавкат Рахмонов UFC 310 турнирінде ирландиялық Иэн Гэрримен жекпе-жекке шығады. Олардың бәсекесі 5 раундқа жоспарланған.

    Еске салайық, Белал Мухаммад Шавкат Рахмонов – Иэн Гэрри жекпе-жегінде кім жеңеді деп ойлайтынын айтқан еді. Сондай-ақ Иэн Гэрри UFC-дегі кезекті қарсыласы Шавкат Рахмоновпен қарым-қатынасы туралы пікір білдірді.

    Белал Мухаммадтың Шавкат Рахмонов туралы видеосы көпшілікті күлкіге қарқ қылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.