jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Ұмытып қалған шығармын": Әбиба Әбужақынова тамақ пісірмегеніне 9 жыл болғанын айтты

    Әбиба Әбужақынова
    Әбиба Әбужақынова. Скриншот: youtube.com/@AqyrysSeitqazy

    Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова журналист Ақырыс Сейтқазының Youtube-тағы арнасына берген сұқбатында 9 жылдан бері тамақ пісірмегенін айтып, оның себебін де түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Көбі мені тамақ пісіре алмайды деп ойлайтын шығар. Жоқ, жасай аламын. Бірақ тамақ пісірмегеніме 9 жыл болды. Мен интернатта оқығанда бізге тегін тамақ беретін. Ал университетте жүргенде қыздармен пәтерде тұрдым, тамақты солар жасайтын. Өйткені мен жаттығудан кеш келетінмін. Қазір енді тамақты анашым пісіреді, мен жасамаймын. Ұмытып қалған шығармын", - деді Әбужақынова.

    Еске салайық, Әбиба Әбужақынова болашақ жарының спортшы болғанын қалайтынын айтып, оның себебін де атаған еді. Сондай-ақ дзюдошы ата-анасының жұмыс істемейтінін, оларды өзі асырап отырғанын айтқан болатын.

    Әбиба Әбужақынова – екі Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2021, 2022), екі әлем чемпионатының қола жүлдегері (2022, 2024), әлемдік Гран-при кезеңінің жеңімпазы (2023), Азия ойындарының күміс жүлдегері (2023), әлемдік Гран-при кезеңінің қола жүлдегері (2023), "Үлкен Дулыға" кезеңінің күміс медаль иегері (2024), Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол биыл Париж Олимпиадасында қола жүлдеге таласта швециялық Тара Бабулфаттан жеңіліп, 5-орын алған еді.

    "Ұмытып қалған шығармын": Әбиба Әбужақынова тамақ пісірмегеніне 9 жыл болғанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.