Спорт

Зектілері

Шымкенттіктер Махмұд Сабырхан мен Сағындық Тоғамбайды әуежайдан күтіп алды (видео)

Жарияланған күні:

Махмұд Сабырхан мен Сағындық Тоғамбай
Махмұд Сабырхан мен Сағындық Тоғамбай. Видеодан кадр: instagram.com/ shymkent_sport_baskarma

Шымкенттіктер бокстан Азия чемпиондары Махмұд Сабырхан мен Сағындық Тоғамбайды әуежайдан күтіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Видео Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының Instagram-дағы парақшасында жарияланды. Боксшыларды әуежайдан басқарма өкілдері, бапкерлер және спорт жанкүйерлері зор қошеметпен күтіп алған.

Еске салсақ, Махмұд Сабырхан бокстан Таиландта өткен Азия чемпионатында алтын медаль иеленді. Ол 54 кг салмақ дәрежесіндегі финалда өзбек боксшысы Шахзод Музафаровпен жұдырықтасты. Үш раундқа созылған тартысты бәсекеде Қазақстан құрамасының боксшысы төрешілер шешімімен (4:1) жеңді.

Ал Сағындық Тоғамбай 92 кг салмақ дәрежесіндегі финалда тәжікстандық Парвиз Каримовпен кездесті. Бұл бәсекеде Сағындық қарсыласын үш рет нокдаунға түсіріп, екінші раундта мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Айта кетейік, Махмұд Сабырхан – әлем чемпионы (2023), әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2021), Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2022).

Ал Сағындық Тоғамбай – 2022 жылғы Азия чемпионаты мен жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері. Сонымен қатар ол үш рет жастар арасында Азия чемпионы атанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2200196-shymkenttikter-mahmud-sabyrhan-men-sagyndyq-togambaidy-auezhaidan-kutip-aldy-video/