jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Сметов те үміткер болған: Қарағанды тумасы әлемдегі ең үздік дзюдошы атанды (фото)

    Дзюдошы Хидаят Гейдаров
    Дзюдошы Хидаят Гейдаров. Фото: instagram.com/khiindgo

    Париж Олимпиадасының чемпионы Хидаят Гейдаров былтырғы жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі ең үздік дзюдошы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Вестник Кавказа сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Басылымның жазуынша, Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жариялаған "Ерлер арасындағы жылдың үздік дзюдошысы" атағы әзербайжандық Хидаят Гейдаровқа бұйырған. Осылайша, ол IJF Judo Awards 2024 сыйлығының иегері атанып отыр.

    Бұл атаққа 60 келіге дейін салмақта Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов те үміткер болған еді. Оның есімі IJF Judo Awards 2024 шорт-парағына да енген болатын.

    Хидаят Гейдаров IJF Judo Awards 2024 сыйлығын алған сәт
    Хидаят Гейдаров IJF Judo Awards 2024 сыйлығын алған сәт. Фото: trend.az

    Сондай-ақ халықаралық сарапшылар дзюдодан Әзербайжан құрамасының бас бапкері Ричард Траутманның да еңбегін жоғары бағалаған. Ол "Ерлер командасы арасындағы үздік бапкер" атанды.

    Басылым 2024 жыл – Гейдаров үшін өте табысты жыл болғанын жазады. Дзюдошы Олимпиада чемпионы атанып қоймай, 73 килограмға дейінгі салмақта әлем және Еуропа чемпионы болған.

    Айта кетейік, Хидаят Гейдаров 1997 жылғы 27 шілдеде Қарағандыда дүниеге келген. Алайда бала күнінде отбасымен Бакуге көшіп кеткен.

    Сметов те үміткер болған: Қарағанды тумасы әлемдегі ең үздік дзюдошы атанды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.