Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеуде жаппай төбелес болып, 50-ден аса мигрант ұсталды (видео)

Опубликовано:

Кеше кешке Мәскеуде мигранттар арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. Полиция елуден астам адамды ұстады деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған Baq.kz.

Жаппай төбелес «Мәскеу» сауда орталығында болған. Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің мәліметіне сүйенсек, сауда орталығының күзетшілері жүк тасушы болып істейтін мигрантты ұрып тастаған. Төбелес осыдан шыққан.

«Полиция бөлімшесіне 50-ден астам адам жеткізілді», - деп жазады агенттік дереккөзге сілтеме жасап.

Тағы оқыңыздар: Үш жасар қызына иттерше қарғы бау байлап жүретін әке жұрттың ашуын келтірді (фото)

Қазір көші-қон есебінің базасы бойынша тексеріс жүріп жатыр екен. Мәскеу қаласы бойынша ІІМ ББ баспасөз қызметі сауда орталығының маңында тұрмыстық жанжал болғанын растады.

«Төбелеске қатысқандар істің мән-жайын анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді», - деді кезекші офицер.

НТК телеарнасы төбелеске жиналғандардың полициядан қалай қашып жатқаны түсірілген бейнежазба жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1624543-maskeude-zhappay-tobeles-bolyp-50-den/

pixel