Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Ресей мен Украина арасындағы кезекті келіссөз Стамбұлда өтеді

Опубликовано:

Түркия туы
Фото: pixabay.com

Түркия президентінің кеңсесі Ресей-Украина келіссөздерінің келесі кезеңі Стамбұлда өтетінін хабарлады, деп жазады РИА Новости.

Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның жексенбі күні телефон арқылы әңгімелесуінен кейін белгілі болған.

"Келіссөздер барысында Ердоған тез арада атысты тоқтатуды, Ресей мен Украина арасындағы бейбітшілікке қол жеткізу және аймақтағы гуманитарлық жағдайды жақсарту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, ол Түркияның бұл процеске алдағы уақытта да барынша үлес қосатынын айтты", - делінген кеңсе мәлімдемесінде.

Бұл ретте Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский Ресей мен Украина тарабы 29-30 наурызда қайта кездесетінін мәлім еткен, алайда келіссөздің қай жерде өтетінін нақтыламаған.

Еске сала кетсек, Ресей мен Украина арасындағы алғашқы келіссөз 28 ақпанда Беларусь мемлекетінің аумағында өткен еді.

Екінші кездесу 2 наурызда болды. Ал 8 наурызда Украина мен Ресей арасындағы келіссөздердің үшінші кезеңі өткен болатын.

Ресей-Украина арасындағы кезекті келіссөз соңғы рет 14 наурызда өтті.

Кейін Украина президенті Владимир Зеленский ресми Мәскеуді тағы да бейбіт келіссөздер жүргізуге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1962328-baq-resei-men-ukraina-arasyndagy-kezekti-kelissoz-stambulda-otedi/

pixel