Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің жаңа кезеңі бүгін басталады деп күтілуде

Опубликовано:

Ресей мен Украина
Фото: MicroStockHub/Getty Images

Ресей мен Украина делегациялары арасындағы келіссөздердің жаңа кезеңі бүгін таңертең, 29 наурызда Стамбұлда басталады. Кездесу жабық форматта өтпек, баспасөз өкілдері ғимаратқа жіберілмейді.

РИА Новости агенттігінің мәліметінше, келіссөздер Нұр-Сұлтан уақытымен 13:30-да басталуы керек.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров бұған дейін Мәскеу мен Киев арасында келісімге келу мүмкіндігі бар екенін айтқан.

Сонымен қатар Түркияның Anadolu агенттігі Ресей мен Украина делегациялары Стамбұлдағы Долмабахче сарайында кездесетінін хабарлады.

Одан бөлек, Ресей дипломаттарының Түркияға келіп, қонақүйге уақытша орналасқаны айтылды. Ал бүгін Украина делегациясы келеді деп күтіліп отыр.

Еске сала кетсек, Ресей мен Украина арасындағы алғашқы келіссөз 28 ақпанда Беларусь мемлекетінің аумағында өткен еді.

Екінші кездесу 2 наурызда болды. Ал 8 наурызда Украина мен Ресей арасындағы келіссөздердің үшінші кезеңі өткен болатын.

Ресей-Украина арасындағы кезекті келіссөз соңғы рет 14 наурызда өтті.

Кейін Украина президенті Владимир Зеленский ресми Мәскеуді тағы да бейбіт келіссөздер жүргізуге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1962490-resei-men-ukraina-arasyndagy-kelissozderdin-zana-kezeni-bugin-bastalady-dep-kutilude/

pixel