jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Қарақалпақстанда төтенше жағдай режимі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Өзбекстан
Фото: Maksim Konstantinov/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 21 шілде күні сағат 5:00-ден бастап Қарақалпақстан аумағында төтенше жағдай режимін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Өзбекстан президентінің ресми сайты хабарлады.

"2022 жылы 21 шілдеде сағат 05.00-ден бастап (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 06.00) Қарақалпақстан республикасының аумағында төтенше жағдай режимі мерзімінен бұрын тоқтатылсын", - делінген президент жарлығында.

Белгілі болғандай, мұндай шешім Қарақалпақстан республикасы Жоғарғы кеңесінің төтенше жағдай режимін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішінен кейін қабылданған.

Шешім қабылдау кезінде Қарақалпақстан республикасы аумағында қоғамдық тәртіптің қалпына келгені, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқығы мен бостандығын қорғау бойынша шаралар қабылданғаны ескерілген.

Айта кетейік, Қарақалпақстанда төтенше жағдай режимі шілденің басында болған елдегі тәртіпсіздікке байланысты енгізілген еді.

Қарақалпақстанда тәртіпсіздікке ұласқан шерулер Өзбекстан Конституциясына енгізілгелі отырған түзетулерге байланысты туындаған болатын.

1992 жылдың 8 желтоқсанында қабылданған құжатта Қарақалпақстан референдум негізінде Өзбекстан құрамынан шығуға құқығы бар егемен ел деп көрсетілген. Алайда Конституцияға енгізілгелі отырған жаңа түзетулерге сәйкес, бұл норманы алып тастау көзделген еді.

Халықтың наразылығынан кейін Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстан егенмендігіне қатысты Конституцияға енгізгелі отырған түзетулерді алып тастау туралы қаулыға қол қойды.

Одан бөлек Нүкістегі тәртіпсіздіктер кезінде 18 адам қаза тапқаны айтылды.

Қарақалпақстанда төтенше жағдай режимі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.