Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иран футболдан әлем чемпионатындағы жеңісінің құрметіне 700-ден астам тұтқынды босатпақ

Опубликовано:

Түрме
Түрме. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Иран билігі Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында ұлттық құраманың Уэльс командасын жеңуіне байланысты 709 тұтқынды босату туралы шешім қабылдаған. Бұл туралы Иранның ISNA агенттігі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Біздің командамыздың мақтан тұтарлық жеңісінен кейін сот билігінің басшысы Голям Хосейн Мохсени-Эджеи Иран халқын құттықтап, 12 провинциядағы 709 тұтқынды босату туралы арнайы бұйрық шығарды", - делінген хабарламада.

Хабарламада Мохсени-Эджейдің рақымшылық туралы бұйрығы Ирандағы наразылық шерулеріне қатысқаны үшін сотталғандарға да қатысты екені атап өтілген.

Алайда құқық қорғау қызметкерлеріне шабуыл жасағаны, өрт қойғаны немесе Құранды өртегені үшін сотталғандар рақымшылыққа ілікпейтіні айтылған.

25 қараша күні Иран құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі ойында Уэльсті 2:0 есебімен жеңді. Бұл Иран ұлттық құрамасының әлем чемпионатында Еуропа құрамасын жеңген алғашқы жеңісі болды.

Дегенмен Иран құрамасы плей-офф кезеңіне шыға алмады.

Айта кетейік, Иранда қыркүйектің ортасынан бері наразылықтар мен шерулер өтіп жатыр. Оған хиджабты дұрыс кимегені үшін полиция ұстағаннан кейін қайтыс болған Махса Аминидің өлімі себеп болды. Шерушілерді Иранның көптеген қоғам қайраткері қолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1999564-iran-alem-cempionatyndagy-zenisinin-qurmetine-700-den-astam-tutqyndy-bosatty/

pixel