Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркиядағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 1498-ге жетті

Жарияланған күні:

Түркиядағы жойқын жер сілкінісі
Түркиядағы жер сілкінісі. Фото: Ismail Sen/Anadolu Agency via Getty Images

Түркияның Газиантеп қаласының маңында болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендер саны артты. Бұл ақпаратты жергілікті билік растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТАСС сайтына сілтеме жасап.

Дүйсенбі күні Түркияның оңтүстік-шығысында болған күшті жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1498-ге жетті. Бұл туралы түрік телеарнасында Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Юнус Сезер мәлімдеді.

Сондай-ақ, оның айтуынша, 8533 азамат зардап шеккен.

Еске салайық, 6 ақпанға қараған түні Түркияның Газиантеп қаласының маңында магнитудасы 7,4 болатын күшті жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері тағы бірнеше провинцияда, сондай-ақ Сирия мен Ливанда сезілді. 2,8 мыңға жуық ғимарат қираған.

Табиғат апатынан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдап, үкіметке Түркияға жер сілкінісінің салдарын жоюға көмектесуді тапсырды.

Түркияның орталық бөлігінде Астана уақытымен сағат 16:24-те 7,7 балдық жаңа жер сілкінісі тіркелді. Кейбір мәлімет бойынша жерасты дүмпулері елдің шығыс бөлігінде де сезілген. Жер сілкінісі Түркия астанасы Анкарада да сезілді.

БАҚ жерасты дүмпулерін көршілес Сирия мен Ливияда да сезілгенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2008277-turkiyadagy-zer-silkinisi-qaza-tapqandar-sany-1498-ge-zetti/