Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияға жетті
Жарияланған күні:
Қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны Түркияның Газиантеп қаласына қонды. Бұл туралы ТЖМ Telegram арнасында хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта жабдықтар мен жеке құрамды түсіру жұмыстары жүргізілуде.
Осыдан кейін жаңадан келген құтқарушылар үшін іздестіру-құтқару жұмыстарына арналған учаскелер айқындалатын болады.
Айта кетейік, кеше, 7 ақпанда көмек көрсету үшін Түркияның жер сілкінісі болған аймағына қазақстандық құтқарушылардың алғашқы тобы барған еді.
Кейін еліміздің Төтенше жағдайлар министірінің бірінші орынбасары Ибрагим Күлшімбаев Түркияға көмекке аттанған қазақстандық құтқарушылардың қалай жұмыс істеп жатқанын баяндады.
Сонымен қатар министрлік бүгін құтқарушылардың екінші тобы Түркияға аттанатынын хабарлады. Эшелон құрамында жеке құрамнан 60 адам, олардың ішінде ТЖМ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, кинологиялық топтар бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2008612-qazaqstandyq-qutqarusylardyn-ekinsi-toby-turkiyaga-zetti/