jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Түркияда тағы да екі жер сілкінісі тіркелді

Түркия
Түркияның оңтүстігі. Фото: Nathan Laine/Bloomberg via Getty Images

24 ақпан күні кешке Түркияның орталық аймақтарында 4 баллдан жоғары екі жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ TRT Haber арнасына сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлардың және зардаптарын алдын алу басқармасының (AFAD) twitter парақшасындағы ақпаратына сәйкес, Малатия қаласының Питурге аймағында магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісі болды. 24 ақпан сағат 23.25-те болған жер сілкінісі 7 шақырым тереңдікте тіркелген.

Сонымен қатар Сивас қаласының Гюрюн ауданында кешкі сағат 20:19-да магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісі тіркелген. Жер сілкінісі жер бетінен шамамен 5,3 шақырым тереңдікте болды. Зардап шеккендер болмаған.

Айта кетейік, 6 ақпан күні болған Түркия мен Сирияда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 50 мыңнан асты.

Түркия президенті Ердоған апат салдарын жою, қалпына келтіру жұмыстары 1 наурызда басталатынын, 270 мыңдай тұрғын үй салу жоспарланғанын мәлімдеді.

Түркияда тағы да екі жер сілкінісі тіркелді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.