jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Қирандылардың 20 пайызы тазартылды": Зілзаладан кейінгі Түркияның бүгінгі жағдайы қандай

Үйінділерден тазарту жұмыстары
Кахраманмараш қаласын қирандылардан тазарту жұмыстары. Фото: Ugur Yildirim / dia images via Getty Images

Түркиядағы зілзаладан кейін билік 85 мыңға жуық адамды уақытша баспаналарға орналастырып, үйінділерді аршу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Телеарна мәліметінше, Түркиядағы жер сілкіністері салдарынан қаза тапқан 48 мың адамның 6600-ден астамы - шетел азаматы. Олардың дені – сириялық босқындар. Бұл туралы елдің ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу мәлімдеген.

Билік үйінділерді аршу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бүгінде қирандылардың 20%-ы тазартылды.

БҰҰ-ның есебінше, табиғи апаттан келген шығын 100 миллиард доллардан асып кетуі мүмкін.

Еске салайық, 6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7 балдан асатын екі жойқын жер сілкінісі болды.

Табиғи апат көршілес Сирияға да әсер етіп, онда да тұрғын үйлер қирап, адамдар үйінді астында қалды.

26 ақпанда жер сілкінісінен кейін бүлінбеген бірде-бір ғимарат қалмаған Түркияның Газиантеп провинциясындағы Нурдагы қаласының мэрі ұсталғаны белгілі болды.

"Қирандылардың 20 пайызы тазартылды": Зілзаладан кейінгі Түркияның бүгінгі жағдайы қандай

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.