Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеу маңында "Крокус Сити Холлда" болған атыс: дәрігерлер үш бала қаза тапқанын мәлімдеді

Опубликовано:

"Крокус Сити Холл" кешенінің ғимараты
"Крокус Сити Холл" кешенінің ғимаратындғы өрт. Фото: Stringer/AFP/Getty Images

Мәскеу облысы бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Крокус Сити Холлдағы теракт салдарынан кем дегенде үш бала қаза тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.

Ақпарат агенттігі Мәскеу облысы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі ауруханаға жатқызылған зардап шеккендер туралы мәліметтерге сілтеме жасай отырып, "Крокус Сити Хол" теракт салдарынан үш бала көз жұмған деп хабарлады.

"Биологиялық өлім" бөлімінде үш бала мен екі ер адам тіркелген", - деп жазады басылым авторлары.

Еске салсақ, 22 наурызда Мәскеу маңындағы "Крокус Сити Холл" концерт залында белгісіз біреулер атыс шығарғаны туралы ақпарат тарады. Концерт залының ғимаратында "Пикник" тобының концерті өтуі керек болған. Алайда ғимаратқа белгісіз біреулер кіріп келіп, атыс шығарған. Артынша ғимаратта өрт шығып, куәгерлер оның видеосын жариялай бастады. Оқиға орнында жарылыс естілгені де хабарланды.

РИА Новости хабарына қарағанда, арнайы жасақ жауынгерлері өртсөндірушілермен бірге "Крокус Сити Холл" ғимаратының ішінде жұмыс істеп жатыр, адамдарды эвакуациялау жүріп, қылмыскерлерді іздеу операциясы басталған.

Қайғылы оқиғаға байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтып, терактіні мүлдем ақтауға болмайтынын мәлімдеді.

Ресейдің Тергеу комитеті атыстан 60-тан астам адам қаза тапқанын, құрбандар саны артуы мүмкін екенін мәлім етті.

РИА Новости агенттігінің мәліметінше, 115 адам ауруханаға жеткізілді, оның бесеуі балалар: 60 ересек адамның және бір баланың жағдайы ауыр.

Мәскеудегі "Крокус Сити Холл" концерт залында болған қайғылы оқиғаларға байланысты Қазақстан азаматтары үшін 8 (925) 897-71-14 нөмірі бойынша жедел желі ашылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2072481-maskeu-manynda-krokus-siti-xollda-bolgan-atys-darigerler-us-bala-qaza-tapqanyn-malimdedi/

pixel