Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Эмин Агаларов теракт кезінде "Крокустағы" кейбір есіктердің неліктен жабық болғанын түсіндірді

Опубликовано:

"Крокус Сити Холлдың" жанындағы гүлдер
"Крокус Сити Холлдың" жанындағы гүлдер. Фото: Stringer/AFP/Getty Images

"Крокус Сити Холл" иесінің ұлы Эмин Агаларовтың айтуынша, лаңкестік әрекет кезінде барлық эвакуациялық есіктер қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұрған. Жабық болған есіктер қызметтік бөлмелер болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Россия 24" телеарнасында Crocus Group иесі Араз Агаларовтың ұлы, Agalarov Development компаниясының президенті Эмин Агаларов теракт кезінде "Крокус Сити Холл" ғимаратындағы эвакуация есіктері қалыпты жұмыс істеп тұрғанын айтты. Ол ғимаратта өрт кезінде шығу жолдары жеткілікті екенін атап өтті.

"Есіктер жабық болған жерлер – өрт сөндіру орындары емес. Бұл – қызмет көрсету бөлмелері, өйткені сахнаның артында көптеген киім ауыстыратын бөлмелер, дыбыс жазу студиялары, қоймалар, жабдықтар, көптеген техникалық дәліз қайта фойеге апарады.

Адамдар фойеге қайтқылары келмеді, себебі олар мұнда да оқ жаудыратынын түсінді, сондықтан олар балама шығу жолдарын іздеп, темір есіктерге тап болды. Олар өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес жабық тұрды, өйткені тек қызметкерлердің картамен кіруіне ғана рұқсат етілген", – деді Эмин Агаларов.

Оның айтуынша, "Крокустағы" адамдардың көпшілігі атыс кезінде ғимараттан шығып үлгергені туралы бейнежазба түріндегі дәлелдер бар.

"Крокус Сити Холл" ғимаратындағы теракт

22 наурызда кешке Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласындағы "Крокус Сити Холл" ғимаратында атыс пен өрт болғанын хабарлады. Бұл жерде "Пикник" тобының концерті өтуі керек еді.

Бұл оқиғадан кейін Ресей Тергеу комитеті терактіге қатысты қылмыстық іс қозғады. Ресей Федеральды қауіпсіздік қызметінің басшысы Александр Бортников терактіге байланысты 11 адамның, оның ішінде "Крокус-Сити Холлдағы" терактіге тікелей қатысы бар төрт лаңкестің ұсталғанын хабарлады. Кейін оларға бұлтартпау шарасы таңдалды.

24 наурыз Ресейде ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Соңғы мәлімет бойынша "Крокус-Сити Холлдағы" лаңкестік әрекеттің салдарынан қаза тапқандар саны 139 адамға жеткен, тағы ондаған адам ауруханада жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2074821-emin-agalarov-terakt-kezinde-krokustagy-keibir-esikterdin-nelikten-zabyq-bolganyn-tusindirdi/

pixel