Үкімет басшысына жасалған қастандық: Словакия премьер-министрінің отадан кейінгі жағдайы айтылды
Опубликовано:
Читать на русском
Словакияның премьер-министрі Роберт Фицоға бір күн бұрын оқ тиіп, ол бірнеше сағатқа созылған отадан кейін аман қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Euronews арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Телеарна жазуынша, Словакия премьер-министріне бес рет оқ атылған, ал шенеуніктер қастандық әрекетінің "саяси астары барын" айтты.
Сондай-ақ қазір Словакия премьер-министрі Роберт Фицо үкіметтің Гандловаға жұмыс сапары кезінде болған қастандықтан кейін жағдайы тұрақталғаны хабарланды.
"Ота сәтті өтті, менің ойымша, ол аяққа тұрып кетеді", - деді премьер-министрдің орынбасары және қоршаған ортаны қорғау министрі Томаш Тараба.
Еске салайық, бұған дейін Словакияда үкімет отырысы өткен жерде елдің премьер-министрі Роберт Фицо жараланған болатын – саясаткерге жұртшылық алдына шыққан кезде оқ атылды. Шабуыл жасаған адамды полиция ұстады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға жасалған қастандықты қатаң айыптаған еді. Сондай-ақ мемлекет басшысы вице-министрге тезірек сауығып кетуін тіледі.
Кейін Словакия министрлер кабинетінің басшысы Роберт Фицоға шабуыл жасады деген күдікті тергеу кезінде ел үкіметінің саяси шешімдерімен келіспейтінін айтқан болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2101634-ukimet-basshysyna-zhasalgan-qastandyq-slovakiia-premer-ministrining-otadan-keiingi-zhagdaiy-aityldy/