Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Павел Дуров жауап алу кезінде жылына 1 доллардан аз табыс табатынын айтты

Жарияланған күні:

Павел Дуров
Павел Дуров. Фото: instagram.com/durov

Франциялық БАҚ Парижде жауап алу кезінде Telegram негізін қалаушы Павел Дуров жылына 1 БАӘ дирхамын (130 теңге) алатынын айтқан. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РБК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы Францияның Le Monde газеті жазды. Басылым мәліметінше, Дуров тергеушілерге жылына бар болғаны 0,27 доллар алатынын айтқан.

Басылым Дуров "өзін аскет ретінде көрсетуді ұнататынын" атап өтіп, аз жалақы алғанымен мультимиллиардер екенін жазды. Forbes дүниежүзілік тізімінде Дуров 15,5 миллиард доллар байлығымен 127-орында тұр, Bloomberg басылымындағы мәлімет бойынша, оның байлығы 9,07 миллиард доллар деп бағаланған.

Журналистер Telegram акцияларының басым бөлігі кәсіпкердің иелігінде екенін еске салды, ол наурызда берген сұқбатында ықтимал IPO 30 миллиард долларға бағаланғанын айтқан еді.

Дуровтың Францияда қамауға алынуы

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров 24 тамызда Францияда қамауға алынды.

Франциядағы БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Telegram-ның негізін қалаушы және бас директоры Павел Дуров жеке ұшағынан шығып бара жатқан жерінде ұсталған.

Кейін франциялық БАҚ Дуровты қамауда ұстау мерзімі ұзартылғанын мәлімдеді.

Бұл жайтқа америкалық журналист Такер Карлсон X әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдіріп, Павел Дуровтың қамауға алынуы шындық цензурасынан бас тартатын кез келген онлайн платформа иесіне ескерту екенін айтты.

Қазақстанның цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Дуровқа қолдау білдіретінін жеткізді.

Франция прокуратурасы Дуровтың ісіне байланысты мәлімдеме жасап, 12 қылмыс бойынша айып тағылғанын жария етті.

Одан бөлек, Франция президенті Эммануэль Макрон Павел Дуровтың тұтқындалуын "саяси шешім емес" екенін мәлімдеді.

БАӘ Сыртқы істер министрлігі Павел Дуровтың қамауға алынуына қатысты мәлімдеме жасады.

Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер министрлігі Ле-Бурж әуежайында француз билігі тұтқындаған БАӘ азаматы Павел Дуровтың ісін мұқият қадағалап отырғанын және олар Франция үкіметіне жедел түрде толық консулдық қызмет көрсету туралы өтініш жібергенін мәлімдеді.

Ал 28 тамызда бірнеше БАҚ Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Парижде сотқа жеткізіліп, ғимарат сыртына арнайы қоршау қойылды деген ақпарат таратты.

Кейін сотта Павел Дуровты судья 5 миллион еуро кепілге босатқаны хабарланды.

Сонымен қатар Дуров қамауға алынғаннан кейінгі алғаш рет мәлімдеме жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2166150-baq-pavel-durov-zhauap-alu-kezinde-zhylyna-1-dollardan-az-tabys-tabatynyn-aitty/