jitsu gif branding logo appbranding logo app

Зеленский боксшы Усиктің жеңісі туралы: Украиналықтар оңайлықпен берілмейді

Александр Усик пен Владимир Зеленский
Александр Усик пен Владимир Зеленский. Фото: Instagram @usykaa

Украина президенті Владимир Зеленский Александр Усик пен Тайсон Фьюри арасындағы қарымта матч туралы ойын телеграм-арнасына жазды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Украиналық боксшы қарсыласынан 12 раундқа созылған жекпе-жекте басым түсіп, ауыр салмақта әлем чемпионы атақтарының бәрін сақтап қалды. Төрешінің үшеуі де Усик жеңді деп шешті. Ол биыл мамырда Фьюримен өткізген алғашқы кездесуінде де басым түскен.

"Жеңіс! Дәл қазіргі сәтте аса маңызды, аса қажет жеңіс. Чемпион белдігін сақтап қалған Александр украиналықтар жеңісті оңайлықпен бермейтінін дәлелдеді. Қаншалықты ауыр болса да, аяғына дейін күресеміз.

Ринг, ұрыс алаңы немесе дипломатиялық арена – бәрінде де күресеміз, оңайлықпен берілмейміз. Жеңіс құтты болсын, казак! Украина, жеңіс құтты болсын! Украина мерейі үстем болсын!" - деп жазды Зеленский.

Саясаткер Усик пен Фьюри матч қарсаңында жерлесімен сөйлескен. Боксшы жекпе-жектен соң жеңісті Украина аналарына арнаған.

Свежая публикация по теме:
Путин Украинаға 15 мамырда келіссөздерді қайта бастауды ұсынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.