jitsu gif
Новости русской службы Би-би-си

Ресейдің бес өңірін дрондар шабуылдап, мұнай базасы өртенді

Орлов облысы
Ресейдің Орлов облысындағы өрт. Фото: t.me/uniannet

Ресей әскерилерінің мәлімдеуінше, жексенбіге қараған түні әуе қорғанысы жүйесі 42 дрондарды атып түсірді. Ал Украина өңірлеріне 100-ден аса дронмен шабуыл жасалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ BBC Орыс қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Министрліктің ресми телеграм-арнасында жарияланған мәліметке қарағанда, 20 дрон Орлов облысында, сегіз дрон Ростов және Брянск облыстарында, бес дрон Курск облысында, тағы бір дрон Краснодар өңірінде атып түсірілген.

Осының алдында Орлов облысының губернаторы Андрей Клычков «Стальной конь» қыстағындағы мұнай базасына тағы да шабуыл жасалып, өндіріс нысаны өртенгенін мәлімдеген.

Нысан кейінгі бір аптада осымен екінші мәрте шабуылға ұшырап отыр. 14 желтоқсанда түнде украин күштері Орловтағы осы нысанды атқылаған. Сол кезде Украина қарулы күштерінің бас штабы мұнай базасын "Ресей армиясына мұнай өнімдерін жеткізуші" деп атаған.

Ростов облысының билігі Таганрог пен Новошахтинскіде дрондар атып түсірілгенін мәлімдеген. Мұнда да мұнай өңдеу зауыты бар. Ростов тұрғындары қалада жарылыс дыбыстарын естігенін хабарлаған.

Свежая публикация по теме:
Путин Украинаға 15 мамырда келіссөздерді қайта бастауды ұсынды

Ресми билік шабуылдар зардаптары туралы ешқандай мәлімет таратпады.

Бұл уақытта, Украинаның қарулы күштері жексенбіге қараған түні ел аумақтарына 103 дронмен шабуыл жасалғанын мәлімдеді. Херсон облысына сенбі күні кешке жасалған шабуылдан екі адам мерт болды. Бұл туралы өңір басшысы Александр Прокудин хабарлады. Оның айтуынша, FPV дроны тұрғын үйге құлап, өрт шыққан.

Ресей күштері Херсонды үнемі атқылап жатыр. РФ армиясы Днепр өзенінің сол жағалауына, облыс орталығына дәл қарсы бетіне орналасқан.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.