jitsu gif

Оңтүстік Кореядағы президент сайлауында оппозиция өкілі жеңіске жетті

Ли Чжэ Мен
Ли Чжэ Мен. Фото: Photo by Jeon Heon-Kyun - Pool/Getty Images

Оңтүстік Кореядағы кезектен тыс президент сайлауында "Тобуро "оппозициялық либералды Демократиялық партиясының кандидаты Ли Чжэ Мен жеңіске жетті. Бұл туралы DW сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылымның Ұлттық сайлау комиссиясына сілтеме жасап жазуынша, барлық сайлау бюллетенін (96,74 пайыз) санау нәтижесі бойынша, сайлаушылардың 49,2 пайызы Лидің кандидатурасына дауыс берген.

Оның басты қарсыласы, "Халық күші" консервативті партиясының атынан сайлауға түскен Ким Мун Су 41,4 пайыз дауысқа ие болған және жеңілгенін мойындаған.

Ким Мун Су журналистердің алдында халықтың таңдауын құрметтейтінін айтып, Ли Чжэ Менді сайлаудағы жеңісімен құттықтаған.

Басылым Ұлттық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерін растағаннан кейін Ли Чжэ Мен президенттік қызметіне кірісетінін атап өтті.

Айта кетейік, 60 жастағы Ли Чжэ Мен саясатқа араласқанға дейін адвокат болып қызмет еткен. Кейін Соннам қаласының мэрі және парламент мүшесі болған.

Сондай-ақ Ли Чжэ Мен бұған дейін де президенттікке үміткер болғанын айта кетейік, алайда 2022 жылғы президенттік сайлауда Юн Сок Ельден жеңіліп қалған еді.

Сайлау науқаны кезінде Ли президент болған тұста, елде саяси және экономикалық реформалар жүргізуге, соның ішінде президенттің елде әскери жағдай жариялау құзіретіне қатысты бақылауды күшейту және президенттік мерзімге байланысты конституцияға өзгеріс енгізуге уәде берді.

Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ель былтыр 3 желтоқсанда түнде елде әскери режим жариялаған еді.

Ол өз шешімін конституциялық құрылымды "коммунистік күштерден" және Солтүстік Кореядан төнген қауіп-қатерден қорғау үшін қажет шара деп түсіндірген. Алайда елдегі оппозициялық күштер оның бұл шешіміне қарсы шығып, ертесіне-ақ төтенше жағдайды алып тастады.

Бірнеше күннен соң прокуратура елдің бұрынғы қорғаныс министрін ұстады. Ол президент Юн Сок Ельге елде әскери режим енгізуге кеңес бергенін мойындаған.

Артынша елдің әділет министрлігі ел президенті Юн Сок Ельге елден шығуға тыйым салды.

14 желтоқсанда президент Юн Сок Елге импичмент жариялау ресми түрде қолдау тапты. Мемлекет басшысы міндетін уақытша атқару премьер-министрге тапсырылды.

Биыл сәуірде Юн Сок Ель қызметінен біржола шеттетілді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.