jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Иранның соққысынан кейін Әмірліктерде шетелдік үш азамат қаза тауып, 50-ден астам адам жарақат алған

Дубайда ирандық ұшқышсыз аппараттың соққысынан кейін түтіннің фонында тұрған яхта
Дубайда ирандық ұшқышсыз аппараттың соққысынан кейін түтіннің фонында тұрған яхта. Фото: Fadel SENNA / AFP via Getty Images

Біріккен Араб Әмірліктерінің Қорғаныс министрлігі Иран жасаған соққы салдарынан қаза тапқандар бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Синьхуа" агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Министрліктің мәліметінше, Біріккен Араб Әмірліктерінде Иранның әуе шабуылдары салдарынан кем дегенде үш адам қаза тауып, 58 адам жарақат алған.

Ведомство қаза тапқандардың үшеуі Пәкістан, Непал және Бангладеш азаматтары екенін, ал жарақат алған 58 адамның арасында жергілікті тұрғындар мен шетелдіктер бар екенін нақтылады.

Ресми мәліметтерге сәйкес, шабуыл басталғаннан бері БАӘ жаққа қарай 165 баллистикалық зымыран ұшырылған, оның 152-сі жойылған, ал 13-і теңізге құлаған.

Министрлік өкілдері БАӘ Қарулы Күштері кез келген сын-қатерге қарсы тұруға толық дайын екенін және азаматтардың, резиденттердің және туристердің қауіпсіздігі бірінші орында екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Иран Қарулы Күштерінің Бас штабы Израильге көмек көрсететін кез келген елдің әскери базасы Иранның зымыран соққыларының нысанасына айналатынын мәлімдеген еді. Сондай-ақ Иранның кері соққыларынан Қатар, Кувейт, БАӘ және Бахрейндегі әскери базалар шабуылға ұшырағаны хабарланды.

Сонымен қатар Ислам революциясы сақшылар корпусы Тегеранның АҚШ базаларына жасаған зымыран шабуылдарынан кем дегенде 200 америкалық сарбаз жарақат алып, қаза тапқанын мәлімдеді.

1 наурызда Иран парламентінің төрағасы Мохаммад-Багер Галибаф Иран Қарулы Күштері аймақтағы америкалық және израильдік нысандарға соққы жасауын жалғастыратынын айтты.

Кейінірек Дубай (БАӘ), Доха (Қатар) және Манамада (Бахрейн) жарылыстар болғаны хабарланды. Дубайда халықаралық әуежай, сондай-ақ "Бурдж-эль-Араб" қонақ үйі соққыға ұшырады.

Бүгін БАӘ Тегерандағы елшілігін жауып, елшісі мен дипломаттарын кері шақырып алғаны және БАӘ Сыртқы істер министрлігі Иранға наразылық нотасын жолдағаны белгілі болды.

Иранның соққысынан кейін Әмірліктерде шетелдік үш азамат қаза тауып, 50-ден астам адам жарақат алған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.