jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Иран шабуылдардан шамамен 200 америкалық сарбаз жарақат алып, қаза тапқанын мәлімдеді

Америкалық әскери қызметкер
Америкалық әскери қызметкер. Көрнекі сурет: pexels.com

Иранның Ислам революциясы күзетшілер корпусы (ИРКК) Тегеранның АҚШ базаларына жасаған зымыран шабуылдарынан кем дегенде 200 америкалық сарбаз жарақат алып, қаза тапқанын мәлімдеді. Бұл туралы ирандық БАҚ-қа сілтеме жасай отырып РИА Новости хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"АҚШ базаларына жасалған зымыран шабуылдарынан кемінде 200 АҚШ әскери қызметшісі жарақат алып, қаза тапты", - делінген Tasnim агенттігі жария еткен Иран ИРКК мәлімдемесінде.

Сондай-ақ ИРКК мәлімдемесінде Иранға бағытталған бірқатар америкалық және израильдік зымыран Ирак пен Парсы шығанағы елдерінің шөлді және қалалық аймақтарына құлап, нысанаға жете алмағаны жазылған.

Бұл деректерді америкалық тарап әзірге растаған жоқ.

Еске салсақ, 27 ақпанда Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Иран төңірегінде шиеленістің сақталуына байланысты Қазақстан азаматтарына жағдай тұрақталғанға дейін Иранға барудан уақытша бас тартуды ұсынған болатын.

Ал 28 ақпанда Израиль қорғаныс министрлігі ЦАХАЛ Иранға алдын ала соққы жасағанын хабарлады.

Артынша Трамп АҚШ Иранға қарсы ауқымды әскери операцияны бастағанын мәлімдеді.

Көп ұзамай Иран өзіне жасалған шабуылға жауап ретінде Израильге қарай ондаған зымыран бағыттады.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ирандағы Қазақстан азаматтары туралы ақпарат берді. Қолда бар деректерге сәйкес, Иранда Қазақстан Республикасының 96 азаматы бар.

28 ақпанда Қазақстанның барлық күштік құрылымы тәуліктік жұмыс кестесіне көшірілді.

Сондай-ақ Қазақстан Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Иран, Израиль мен басқа да бірқатар ел арқылы ұшақтардың ұшуын толық тоқтатты.

28 ақпандағы жағдай бойынша Иранның оңтүстігіндегі Хормозган провинциясында орналасқан "Шаджаре Тайебе" қыздар бастауыш мектебіне жасалған шабуылдан қаза тапқандар саны 40-қа жетті.

Иран шабуылдардан шамамен 200 америкалық сарбаз жарақат алып, қаза тапқанын мәлімдеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.