Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстан" шахтасында қаза тапқан тағы екі кеншінің аты-жөні белгілі болды

Опубликовано:

қаза болған шахтерлар
Қаза болған шахтерлар. Фото: "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның баспасөз қызметі

Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасында қаза болған тағы екі кеншінің аты-жөні белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, бұған дейін компания шахтадағы апат кезінде 1965 жылы туған жерасты электр шебері (еңбек өтілі – 39 жыл) Слюньков Виталий Владимировичтің қайтыс болғанын хабарлаған еді.

Кейін іздестіріліп жатқан бес кеншінің тағы екеуінің денесі табылды.

Компания мәліметінше, қазіргі таңда олардың да аты-жөні белгілі болған. Шахтада қаза болған марқұмдар:

  • 1. 1978 жылы туған, 4-разрядты жерасты үңгушісі Стешин Денис Геннадьевич, еңбек өтілі – 21 жыл;
  • 2. 1966 жылы туған, 5-разрядты жерасты электр шебері Бургун Виктор Сергеевич, еңбек өтілі – 39 жыл.

"Екі кеншіні іздестіру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі сәтте тау қазбасында іздеу бойынша қосымша жоспар жасалып жатыр", - дейді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның баспасөз қызметіндегілер.

"Қазақстан" шахтасындағы апат

Еске сала кетейік, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді.

Өрт кезде жер астында 227 адам болғаны, олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды.

Сондай-ақ өрттен зардап шеккен 13 адамның жағдайы айтылды.

Бүгін үкімет басшысы Әлихан Смайылов Қарағанды облысына барып, апат салдарынан қаза тапқан шахтерлардың жақындарымен кездесіп, ауруханада жатқан зардап шеккен кеншілердің халін сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2033154-qazaqstan-saxtasynda-qaza-bolgan-tagy-eki-zumyssynyn-aty-zoni-belgili-boldy/

pixel