Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстан шахтасындағы апат": үкімет басшысы Қарағанды облысына барды

Опубликовано:

Әлихан Смайылов кеншілердің туыстарымен сөйлесуде
Әлихан Смайылов кеншілердің туыстарымен сөйлесуде. Фото: t.me/KZgovernment

Еліміздің премьер-министрі Әлихан Смайылов шахтада апат болып, үш адам қаза болған Қарағанды облысына барды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Әлихан Смайылов "Қазақстан" шахтасында апат салдарынан қаза тапқан шахтерлардың отбасы мүшелерімен кездеседі, сондай-ақ әкімдік пен орталық мемлекеттік органдар басшылығымен жедел кеңес өткізеді.

Сондай-ақ премьер-министр Шахтинск қаласында бірінші кезекте кеншілердің бірі – Артур Халиковтың анасымен және жұбайымен сөйлескен, кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов өткен жылдың қараша айында Ленин атындағы шахтада қаза тапқан Арман Қашкейдің жұбайымен кездескен.

"Қазақстан" шахтасындағы апат

Еске сала кетейік, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді.

Өрт кезде жер астында 227 адам болғаны, олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды.

Кейін іздестіріліп жатқан бес жұмысшының бірінің денесі табылғаны хабарланды.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының мәліметінше, ол 57 жастағы электрик Виталий Владимирович Слюнков. Марқұмның еңбек өтілі – 39 жыл.

18 тамызда АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай "Қазақстан" шахтасында төтенше жағдай кезінде қаза тапқан тағы бір жұмысшының денесі табылғанын хабарлады. Сол күні үшінші жұмысшының денесі табылды.

Сондай-ақ өрттен зардап шеккен 13 адамның жағдайы белгілі болды.

Шахтадағы өртке байланысты Қылмыстық-кодекстің 277-бабының 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Бұдан бөлек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған өртке байланысты үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сонымен қатар зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді.

Ал үкіметке осы кәсіпорынға иелік ететін шетелдік компаниямен жұмысшылардың қауіпсіздігін мүлтіксіз қамтамасыз ету жөнінде келіссөздер жүргізу тапсырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2033134-qazaqstan-saxtasyndagy-apat-ukimet-bassysy-qaragandy-oblysyna-bardy/

pixel