Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстан" шахтасындағы апат: төртінші кеншінің денесі табылды

Опубликовано:

Шахтадағы шахтерлар
Шахтадағы шахтерлар. Иллюстрациялық фото: Shiraaz Mohamed/AFP/Getty Images

"Қазақстан" шахтасында жоғалған төртінші кеншінің денесі табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Төртінші кеншінің денесі табылды. Ол – 1994 жылы туған, 4-разрядты жерасты электр шебері Халиков Артур Ринатович. Оның еңбек өтілі – 10 жыл. Марқұмның әріптестері мен компанияның барлық ұжымы мезгілсіз өмірден өткен әріптесіміздің туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, төртінші кеншінің денесі бүгін, 19 тамызда сағат 18:14-те табылған. Марқұмның денесі тау-кен құтқару взводы командирінің орынбасары Самат Шошимовтың басшылығымен, екі бөлімшенің күшімен табылған.

"КӘАҚҚ РОШ бөлімшелері Д-6 конвейерлік беткейінде жоғарыдан төмен қарай бесінші кеншінің болжамды орналасу бағытында іздестіруді жалғастыруда", - дейді ТЖМ өкілдері.

ТЖМ мәліметінше, іздестіру жұмыстарына апатты учаскедегі үздіксіз түтін, жоғары температура (65 градус) және үйінділер түріндегі кедергілер қиындық келтіруде.

Сондай-ақ ведомство жергілікті өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары тоқтатылғанын, барлық күш іздестіру жұмысына бағытталғанын атап өтті.

"Қазақстан" шахтасындағы апат

Еске сала кетейік, 17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір еңісін игеру барысында конвейерлік таспа өртенді.

Өрт кезде жер астында 227 адам болғаны, олардың 222-сі жер бетіне шығарылып, бесеуінің іздестіріліп жатқаны белгілі болды.

Кейін үш кеншінің денесі табылды. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ олардың аты-жөнін хабарлады.

Сондай-ақ өрттен зардап шеккен 13 адамның жағдайы айтылды.

Бүгін үкімет басшысы Әлихан Смайылов Қарағанды облысына барып, апат салдарынан қаза тапқан шахтерлардың жақындарымен кездесіп, ауруханада жатқан зардап шеккен кеншілердің халін сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2033156-qazaqstan-saxtasyndagy-apat-tortinsi-kensinin-denesi-tabyldy/

pixel