Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Жарияланған күні:
Ерекше қатыгездікпен кісі өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Астана сотына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі 9 наурызға дейін ұзартылды.
Ақпаратты KAZ.NUR.KZ тілшісіне Астана сотының баспасөз қызметі растады.
Қуандық Бишімбаев ісі
Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді күдікпен ұсталғанын хабарлады.
Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.
12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Бұдан бөлек Бишімбаевтың әйелі қайтыс болған "Гастро-орталығының" директоры да қамауға алынды.
Астана қалалық ПД Бишімбаевтің ісі Ішкі істер басшылығының бақылауында екенін мәлімдеді.
Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша 12 сараптама тағайындалған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне резонанс тудырған бұл оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2055067-quandyq-bisimbaevty-qamauda-ustau-merzimi-nauryzga-deiin-uzartyldy/