Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында автобусты іздеу жұмысы уақытша тоқтатылды

Жарияланған күні:

Құтқарушылар құрал-жарағын жинап жатыр
Құтқарушылар. Көрнекі фото: https://t.me/qr_tjm

Павлодар облысында автобус құлаған карьерде тереңдігі 3 метрдей шұңқыр пайда болды жұмыс уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Опырылу қаупінің артуына байланысты апат орнындағы жұмыстарды тоқтату туралы шешім қабылданғаны хабарланды.

Экскаватор мен мамандар шұғыл түрде жер бетіне шығарылды. Қазіргі уақытта шұңқырды эндокамера арқылы тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі туындаған қауіпке байланысты іздеу жұмыстары тоқтатылуы мүмкін екенін хабарлаған еді.

"Майқайыңалтын" АҚ аумағындағы ТЖ

Павлодар облысында 4 қаңтарға қараған түні "Майқайыңалтын" кеніші шахтасының жанында автобус карьерге құлап кетіп, екі адам қаза тапқан еді.

Автобуста 4 адам болған. Олар – "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының" Павлодар филиалының 3 қызметкері мен автобус жүргізушісі. Қаза болған екі қызметкердің денесі жер бетіне шығарылса, қалған екі қызметкерді іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Бұл оқиғадан соң Павлодар облыстық полициясы "Майқайыңалтын" АҚ аумағындағы апатқа қатысты тергеуді бастады.

Жақында тергеу қорытындысы жарияланды. Комиссия жауапты 7 адамды анықтады. Еңбек заңнамасына сәйкес, тергеу материалдары құқық қорғау органдарына жіберілген.

"Майқайыңалтын" аумағында қаза болған құтқарушылардың отбасына сақтандыру өтемақысы берілетіні, отбасының несиелері мен коммуналдық қарыздарын өтеуді жұмыс беруші өз мойнына алатыны белгілі болды.

2 ақпан күні Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов құтқарушының каскасы мен қол радиостанциясы табылғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2058968-pavlodar-oblysynda-avtobusty-izdeu-zumysy-toqtatyldy/