Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көп жыл бойы қорқынышта өмір сүрдім": БАӘ-дегі дипломаттың әйелі зорлық-зомбылыққа қатысты тың дерек айтты (видео)

Опубликовано:

Карина Мамаш
Карина Мамаш. Видеодан кадр: КТК

Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамаш әйелін жиі соққыға жықты деген күдікке ілінді. Оның жұбайы Карина Мамаш отбасылық өміріне қатысты тың деректі бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Астанадағы дағдарыс орталығында жатқан әйелдің айтуынша, ол қазір өзін қауіпсіз сезінеді.

"Балаларым, анам, әпкем жанымда. Мен көп жыл бойы қорқынышта өмір сүрдім. Ешқайда жүгінген жоқпын. Оған қоса оның кейбір туыстары жиені жайлы білген, себебі мұрнымды тігтіруге ауруханаға апарған.

Әрине, олар менің артық сөз айтпауымды қадағалап отырған. Мен кетемін деп айтқан жоқпын. Мен барлық айыптау дәлелдерін интернетке салатынымды айтқанмын және "мені ұруды доғармасаң, түрмеге қамаласың" деген едім. Ол күліп, "маған бәрібір" деп айтты", - деді Карина Мамаш.

Дипломаттың әйелінің сөзіне сенсек, отбасындағы зорлық-зомбылық туралы тек жақын достары білген. Ол тұрмыс құрған алғашқы күннен бастап зорлық-зомбылық көргенін айтты. Көбіне күйеуі алкогольге мас болған күйде агрессия танытып, қол көтеретін.

"Қорғау Астана" қорының басшысы Анна Рыль бұл жайтқа қатысты пікір білдірді.

"Бұл көп қозғала бермейтін өте күрделі мәселе. Әйелдің шетелде тұруы құдды бір бай өмірге теңеледі.

Әйелдер дипломаттарға өте тәуелді, өйткені дипломаттарға шетелге жұмыс сапарымен барғаны үшін әйелі мен балаларын орналастыру мақсатында "жәрдемақы" төленеді. Дегенмен аталған қаражат әйелінің емес, күйеуінің банктік картасына түседі. Яғни шетелдегі әйелдің жеке қаражаты жоқ. Сондықтан олар жиі экономикалық тұрғыдан жұбайларына тәуелді", - деді Анна Рыль.

Дереккөз: КТК

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық әйел БАӘ-дегі елшілікте кеңесші болып істейтін күйеуі әпкесі екеуін ұрды деп айыптаған болатын.

"10 жыл бойы ол мені зорлап, ұрып-соғып келеді. Маған және оның қасындағы балаларыма да қауіп төніп тұр. Мен мемлекетімізден көмек сұраймын", - дейді әйел видеода.

Сол күні Сыртқы істер министрлігінің өкілі бұл қызметкер шұғыл түрде Қазақстанға шақыртылғанын, енді оның ісімен құқық қорғау органдары айналысатынын мәлімдеді.

Ал 9 мамырда Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі (БАӘ) елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың әйелі Карина Мамаш Астанадағы дағдарыс орталығына орналасқан болатын.

Кейін бұл жайтқа қатысты Астана полициясы қылмыстық іс қозғағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2098670-kop-zhyl-boiy-qorqynyshta-omir-surdim-baa-degi-elshi-kengesshisining-aieli-zorlyq-zombylyqqa-qatysty-tyng-derek-aitty-video/