Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әртүрлі нұсқа бар": Ильхам Әлиев Ақтаудағы ұшақ апаты туралы пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ильхам Әлиев
Ильхам Әлиев. Фото: Omer Messinger/Getty Images

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев бүгін Қазақстанда болған ұшақ апатына қатысты пікір білдірді. AZAL әуе компаниясының ұшағы Ақтау әуежайынан 3 шақырым жерде құлады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: "қара жәшік" Бразилияға жіберіледі

Әзербайжан президентінің баспасөз қызметі ресми сайтта хабарлағандай, бұған дейін ТМД саммитіне қатысу үшін Санкт-Петербургке ұшып барған Ильхам Әлиев ұшақ апатына байланысты елге оралуға мәжбүр болды.

"Маған берілген ақпарат бойынша, Баку-Грозный бағыты бойынша ұшатын AZAL ұшағы ауа райының нашарлауына байланысты бағытын өзгертіп, Ақтау әуежайына қарай қонар сәтте апатқа ұшырады. Ұшақтың құлаған сәтінің көрінісі БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жарияланды. Әртүрлі нұсқа бар. Бұл туралы айтуға әлі ерте деп ойлаймын", - деді кеңесте Ильхам Әлиев

Ол бұл мәселенің толық зерттелуі керектігін баса айтты.

Ақтаудағы ұшақ апаты

Еске салсақ, бүгін, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бет алған ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшырады.

Маңғыстау облысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 25 желтоқсан күні сағат 10:58-де 1-ші санатты жедел жәрдем шақыру түскен. Оқиға орнына 22 жедел-жәрдем бригадасы жіберілген. Қазақстан Көлік министрлігі алдын ала ақпаратқа сәйкес ұшақ бортында 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болғанын хабарлады.

Кейін Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңында болған ұшақ апаты туралы нақтыланған деректерді жариялады. Ұшақ бортында 69 адам болған, оның бесеуі – экипаж мүшесі.

Бортта 49 Әзербайжан, 16 РФ, 6 Қазақстан, 3 Қырғызтан азаматы болған. 28 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде екеуі бала.

Апатқа байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі жедел желі іске қосты. Аzerbaijan Airlines (AZAL) әуе компаниясы Telegram-дағы ресми арнасында Баку-Грозный бағытында ұшып бара жатып, Ақтау маңына құлаған ұшақ бортында болған жолаушылар тізімін жария етті.

Сондай-ақ Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалғандардың тізімі және экипаж мүшелерінің тізімі шықты.

Ақтауда жаңажылдық шырша жағу шарасы ұшақ апатына байланысты өтпейтін болды. АZAL әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырау фактісі бойынша Ішкі істер министрлігі Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігі, яғни екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әуе көлігінің қозғалысы немесе пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу бойынша қылмыстық іс қозғады.

Жалпы апат орнынан 29 адам облыстың медициналық мекемелеріне жеткізілген. Олардың 27-сі Маңғыстау облыстық ауруханасына түсті.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, 27 адамның 11-інің жағдайы ауыр. Қазіргі уақытта олар жансақтау бөлімінде жатыр.

Сонымен қатар облыстық балалар ауруханасына 11 және 16 жастағы екі бала жеткізілді. Екеуіне де ота жасау жоспарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2205014-arturli-nusqa-bar-ilham-aliev-aqtaudagy-ushaq-apaty-turaly-pikir-bildirdi/