Оқыс оқиға

Зектілері

Алматы тауында тастың құлауы салдарынан бойжеткен қаза тапты

Жарияланған күні:

Читать на русском
таудағы жыра
Таудағы жыра. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда тастың құлау салдарынан бойжеткен қаза тапқаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарап жатыр. Полицейлер бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бойжеткен қаза болғаны туралы ақпарат Almaty News Telegram арнасында пайда болды.

"7 мамырда белгілі болғандай, 2 мамырда Алма-Арасандағы туристер көп келетін жерде тастың құлауы салдарынан бойжеткен қаза тапқан", - делінген жазбада.

Бұл ақпаратты NUR.KZ тілшісіне Алматы қалалық полиция департаменті растады.

"Оқиға бойынша Медеу аудандық полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады полиция өкілдері.

Еске салсақ, 2 мамырда Алматының Алма-Арасан шатқалындағы радон көзінде демалып жатқан тұрғын жартастан тас көшкен сәтте ғажайыптың күшімен аман қалған еді.

Жартастың құлағаны туралы ақпаратты Қазақстан Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2242932-almaty-tauynda-tastyng-qulauy-saldarynan-boizhetken-qaza-tapty/