jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Бас прокуратура экс-министр Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғанын растады

    Ерлан Тұрғымбаев
    Ерлан Тұрғымбаев. Фото: Ішкі істер министрлігі

    Еліміздің Бас прокуратурасы бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғанын растады. Бұл туралы ведомство ресми сайтында хабарлады.

    Бас прокуратура 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға байланысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастыруда.

    Ведомствоның ақпаратынша, ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаев 29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК 362-бабы 4-бөлігі) Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ұсталған.

    "Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етуге жатпайды", - делінген хабарда.

    Мемлекеттік құпияларды құрайтын сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу ҚІЖК 47 және 201-баптарының талаптарымен регламенттелген.

    Еске сала кетсек, бұған дейін Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған еді.

    Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер министрі қызметін 2019 жылдан бастап атқарды.

    2022 жылғы 25 ақпанда Тұрғымбаев ІІМ басшысы қызметінен босатылып, Қазақстан президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл лауазымды ол 2022 жылғы тамыз айына дейін атқарды.

    Сонымен қатар Ерлан Тұрғымбаев Ішкі істер министрлігі Тоғызыншы департаментінің бастығы, ІІМ Қылмыстық полиция департаментінің бастығы, Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бөлім бастығы, бастығы, ІІМ Тергеу комитетінің бастығы, Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы, Ішкі істер министрінің орынбасары сынды лауазымды қызметтер атқарған.

    Бас прокуратура экс-министр Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғанын растады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.