Оқыс оқиға

Зектілері

Жараланған Шымкент әкімінің орынбасары есін жиды

Жарияланған күні:

Руслан Берденов
Руслан Берденов. Фото: facebook.com/ruslan.berdenov

Оқ жарақатымен ауруханаға түскен Шымкент әкімінің орынбасары есін жиды. Науқастың қазіргі жағдайы тұрақты, ауыр, деп хабарлайды Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған Kazinform.

"Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің есін жиғанын мәлімдеді.

Дегенмен, жағдайы тұрақты, ауыр. Қазір қалалық клиникада жатыр. Дәрігерлердің тұрақты бақылауында", - деп жазады агенттік.

Бұған дейін дәрігерлер Руслан Берденовтің жағдайын айтып, оған төрт сағаттан аса ота жасалғанын мәлімдеген еді.

Естеріңізге сала кетейік, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке шабуыл жасалды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті шенеунікке қарай үш рет оқ атқан. Оқиға салдарынан әкімдік қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Полиция күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Кейін Руслан Берденовтің партияласы Бейбіт Әлібеков Шымкент әкімінің орынбасарына шабуыл жасауға не себеп болуы мүмкін екенін айтты.

Сондай-ақ бұл оқиғаға қатысты Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар ісі бөлімінің басшысы Әйгерім Жұмағұлова пікір білдіріп, БАҚ өкілдерін, блогерлер мен құқық қорғаушыларды заңды бұзбауға және жалған ақпарат жарияламауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2238069-oq-zharaqatyn-algan-shymkent-akimining-orynbasary-esin-zhidy/