jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот басталды

    Руслан Берденов
    Руслан Берденов. Фото: facebook.com/ruslan.berdenov

    Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау фактісі бойынша сот процесі басталды, деп хабарлайды Kazinform.

    Агенттік тілшісінің хабарлауынша, іс Шымкент қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралып жатыр.

    Айыпталушыға Қылмыстық кодекстің екі бабы, яғни 24-баптың 3-бөлігі ("Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу"), 99-баптың 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша айып тағылып отыр. Судья айыпталушыны бейнежазбаға түсіруге тыйым салды.

    Еске сала кетейік, биыл 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке шабуыл жасалды.

    Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті шенеунікке қарай үш рет оқ атқан. Оқиға салдарынан әкімдік қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

    Дәрігерлер Руслан Берденовке шұғыл түрде ота жасалғанын, ота төрт сағаттан аса уақытқа созылғанын жеткізді. Кейінірек оның есін жиғаны белгілі болды.

    Полиция күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

    25 маусымда Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша тергеу аяқталғаны хабарланды.

    Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот басталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.