Руслан Берденовке жасалған қастандық: қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды
Опубликовано:

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды сотқа сілтеме жасаған Kazinform.
"Тергеу аяқталды, қазіргі уақытта тараптар іс материалдарымен танысып жатыр. Одан кейін іс прокуратураға жолданып, сосын сотқа жіберіледі. Сот қарауы басталған жоқ", - деп түсіндірген соттан.
Агенттіктің жазуынша, Шымкент қаласы полиция департаментінің мәліметінше, тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің екі бабына сәйкес жүргізіліп жатыр.
- ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі – қылмысқа оқталу (қылмысты орындауға бағытталған, бірақ өзіне байланысты емес жағдайлардан толық орындалмаған ниетті әрекеттер);
- ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 6-тармағы – өмірге қауіпті әдіспен адам өлтіруге оқталу.
Естеріңізге сала кетейік, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке шабуыл жасалды.
Дәрігерлер Руслан Берденовке шұғыл түрде ота жасалғанын, ота төрт сағаттан аса уақытқа созылғанын жеткізді. Кейінірек оның есін жиғаны белгілі болды.
Полиция күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Оқыс оқиғадан кейін Руслан Берденов алғаш рет желіде жазба жариялады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2259354-ruslan-berdenovke-zhasalgan-qastandyq-qylmystyq-is-boiynsha-tergeu-aiaqtaldy/