jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандықтың себебі айтылды

    Берденов ісі бойынша сот
    Берденов ісі бойынша сот отырысы. Видеодан кадр: t.me/eurasia1tvkz

    Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті өлтіруге оқталуға қатысты іс бойынша сот отырысының алдын ала тыңдауында прокурор айыптау нұсқасына сәйкес қылмыстың себебін айтты, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Іс бойынша айыпталушы – әкімдікке қарасты коммуналдық компанияның бұрынғы басшысы. Сот отырысы барысында қылмыстың себебі айтылды. Белгілі болғандай, күдіктіден Руслан Берденов қызметке тағайындалғаннан кейін өз еркімен жұмыстан кету сұралған.

    Айыптау тарабының нұсқасы бойынша айыпталушы қызметінен кеткісі келмей, стресс жағдайында алкогольдік ішімдік ішіп, аңшы мылтығын алып, сол күні кешке шабуыл жасаған.

    Еске сала кетейік, биыл 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке шабуыл жасалды.

    Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті шенеунікке қарай үш рет оқ атқан. Оқиға салдарынан әкімдік қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

    Дәрігерлер Руслан Берденовке шұғыл түрде ота жасалғанын, ота төрт сағаттан аса уақытқа созылғанын жеткізді. Кейінірек оның есін жиғаны белгілі болды.

    Полиция күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

    25 маусымда Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша тергеу аяқталғаны хабарланды.

    Бүгін, 28 шілдеде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау фактісі бойынша сот процесі басталғанын хабарлағанбыз.

    Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандықтың себебі айтылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.