Шымкентте Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша айыпталушыға сот үкімі шықты
Опубликовано:
Шымкенте Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасауға қатысты резонанстық іс бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды Kazinform.
Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сот үкімімен айыпталушы Ернар Жиембай 9 жылға бас бостандығынан айрылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ және оған шағымдануға болады.
Еске сала кетейік, биыл 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке шабуыл жасалды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті шенеунікке қарай үш рет оқ атқан. Оқиға салдарынан әкімдік қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Дәрігерлер Руслан Берденовке шұғыл түрде ота жасалғанын, ота төрт сағаттан аса уақытқа созылғанын жеткізді. Кейінірек оның есін жиғаны белгілі болды.
Полиция күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
25 маусымда Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша тергеу аяқталғаны хабарланды.
28 шілдеде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау фактісі бойынша сот процесі басталғанын хабарлағанбыз.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2277168-shymkentte-ruslan-berdenovke-qastandyq-zhasau-isi-boiynsha-aiyptalushyga-sot-ukimi-shyqty/