jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Шахтадағы апат: зардап шеккен кеншілердің жағдайы қалай

    шахта
    Кен орны. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қарағанды ​​облысы денсаулық сақтау басқармасы Шахтинскідегі шахтада болған апаттан зардап шеккен кеншілердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

    Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, шахтада болған апаттан ашық бас сүйек-ми жарақатын алған екі адамға ота жасалған.

    Дәрігерлердің мәліметінше, олардың жағдайы тұрақты.

    Естеріңізге сала кетейік, 3 қарашаға қараған түні Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтада бұрғылау кезінде газ шығып, төтенше жағдай салдарынан төрт адам қайтыс болды. Тағы төрт адам ауруханаға жатқызылды.

    Одан бөлек, ТЖМ тағы бір адамның іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатын.

    Төтенше жағдайға байланысты Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

    Сондай-ақ, апатқа байланысты мемлекет басшысы марқұмның туыстарына көңіл айтып, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

    Ал кеше шахтада болған апаттан қаза тапқан бесінші жұмсшының денесі табылды.

    Шахтадағы апат: зардап шеккен кеншілердің жағдайы қалай

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.