Ұлытау облысындағы шахтада қаза тапқандардың аты-жөні белгілі болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ұлытау облысындағы Жомарт кенішінде қаза тапқан қызметкерлердің тізімі жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазақмыс" корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаза болған кеншілердің тізімі:
1. Ақшалов Қайрат Аманбекұлы, 1975 жылы туған, насос қондырғысының машинисі;
2. Жакубаев Ардақ Боранбаевич, 1998 жылы туған, жерасты учаскесінің кен шебері;
3. Жұмадуллаев Бақытбек Нышанұлы, 1975 жылы туған, жерасты кеншісі:
4. Кенжебеков Орынбек Әмірханлы, 1991 ж.т., тиеу-жеткізу көлігінің жүргізушісі;
5. Молдабеков Ғалымжан Есенбекұлы, 1978 ж.т., бұрғылаушының көмекшісі,
6. Нурулдаев Олжас Жағалбаевич, 1979 ж.т., жерасты учаскесінің энергетигі,
7. Рожков Константин Владимирович, 1992 жылы туған, жерасты тау-кен жабдықтарының электр слесарі.
Естеріңізге сала кетейік, 17 ақпанда Ұлытау облысындағы "Жомарт" кен орнында тау-кен массасы опырылып, жеті жұмысшы төтенше жағдай аймағында қалған болатын.
Оқиға орнына дереу Ұлытау және Қарағанды облыстары ТЖД күштері мен құралдары, оның ішінде кинологиялық есептоптар, Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері мен Қазақстан ТЖМ психологтары жіберілді.
Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында жеті жұмысшының денесі табылып, жер бетіне шығарылды. Марқұмдардың денесі сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Шахтада болған қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ апаттың алдын ала себебі айтылды.
Бұдан бөлек, шахтаның опырылу себептерін анықтау және зардап шеккендерге көмек көрсету үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысындағы кеншілердің қазасына байланысты көңіл айтып, мемлекеттік органдарға тапсырма берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2221725-ulytau-oblysyndagy-shahtada-qaza-tapqandardyng-tizimi-zhariialandy/