Өскемендегі зауытта болған жарылыстан кейін қылмыстық іс қозғалды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Өскемендегі "Қазцинк" ЖШС зауытында болған жарылыс пен өрттен кейін қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды ШҚО полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, "Қазцинк" ЖШС аумағында болған оқиғадан кейін абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
"Оқиға орнында жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел тергеу шаралары жүргізілуде.
Полиция департаменті болған оқиғаның мән-жайын толық, объективті және жан-жақты зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу шарасын жүргізеді", - деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең Өскемендегі "Қазцинк" ЖШС зауытының аумағында төтенше жағдай болды.
"Қазцинк" ЖШС өкілдері алдын ала мәлімет бойынша түтін сорғышты тазалау жұмыстары кезінде жарылыс болып, артынша өрт шығып, құрылымдар ішінара опырылғанын хабарлады.
Кейін ТЖМ өрт толық сөндірілгенін мәлімдеді.
ТЖ салдарынан екі адам қаза тауып, бес адам зардап шекті. Сондай-ақ зардан шеккен адамдардың жағдайы белгілі болды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2373393-oskemendegi-zauytta-bolgan-zharylystan-keiin-qylmystyq-is-qozgaldy/