jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Елімізде коронавирустан жазылғандардың саны жария болды

    Көшедегі адамдар
    Көрнекі фото: NUR.KZ

    Қазақстанда өткен тәулікте 2 792 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың Telegram-дағы ресми арнасы.

    Аймақтар бойынша жазылғандардың саны келесідегідей:

    Нұр-Сұлтан қаласында - 187,

    Алматы қаласында - 680,

    Шымкент қаласында - 364,

    Ақмола облысында - 345,

    Ақтөбе облысында - 4,

    Алматы облысында - 489,

    Атырау облысында - 98,

    Шығыс Қазақстан облысында - 65,

    Жамбыл облысында – 0,

    Батыс Қазақстан облысында - 40,

    Қарағанды облысында - 364,

    Қостанай облысында - 15,

    Қызылорда облысында - 35,

    Маңғыстау облысында - 65,

    Павлодар облысында - 15,

    Солтүстік Қазақстан облысында - 21,

    Түркістан облысында - 5.

    Елімізде барлығы 338 730 адам COVID-19-дан емделіп шықты.

    Айта кетсек, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1 832 жағдайы тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 375 014 жетті.

    Еске салсақ, бұған дейін еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша сырқаттанушылық және өлім-жітім статистикасына қатысты түсініктеме бергенін жазған едік.

    Одан бөлек, 23 мамырдағы жағдай бойынша, "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары тұрғанын жазған болатынбыз.

    Сонымен қатар, "сары" аймақта тұрған Өскемен, Семей қалалары мен Аягөз ауданында банкет залдарының толтырылуын 30 пайыздан, қонақтардың жалпы санын 50 адамнан асырмай ас беруге рұқсат етілгенін жазғанбыз. 23 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысы Бас санитар дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілді.

    Елімізде коронавирустан жазылғандардың саны жария болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.