Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі блогер "ажалмен ойнаймын" деп көз жұмды

Опубликовано:

Кадр
Видеодан кадр: YouTube/ إيمي كيتشين

Египеттің атақты блогері Умм Зияд өткен жылдың сәуірінде өтірік өлгендей болып, жанұсы мен мыңдаған желі қолданушыларының зәресін ұшырған. Ал тура бір жылдан кейін ол көз жұмды деп жазады Lenta.ru.

Блогердің қазасын ағасы Хамди растап отыр. Оның сөзінше, Умм Зиядтың үйінде тұрған су жылытқыштан газ шығып кеткен. Содан марқұмға ауа жетпей, тұншығып қалғаны анықталды.

Сонымен қатар, Умм Зияд бірнеше күн бұрын ролик түсіріп, онда өзін нашар сезініп жүргенін жеткізген.

Айта кетейік, блогер "Умм Зиядтың күнделігі" атты YouTube желісіндегі арнаны жүргізген.

Оның парақшасында 700 мың адам жазылған.

Өткен жылдың сәуірінде Умм Зияд күйеуі мен балаларының реакциясын тексеремін деп, өтірік өлгендей болған. Артынан видеоны желіге де жүктеді. Ал тура бір жылдан кейін 9 сәуірде көз жұмды. 

Естеріңізге сала кетейік, Америка Құрама Штаттарында квадроцикл тізгіндеп келе жатып апатқа ұшыраған 12 жастағы блогерді көрермендерінің арасында болған құрдасы құтқарып қалған болатын.

Сонымен қатар, Ресейдің "Первый канал" телеарнасындағы "Время покажет" бағдарламасының жүргізушісі Екатерина Стриженова тікелей эфир кезінде құлап кетіп, қолын сындырып алған болатын. Ол бірден ауруханаға жеткізілген.

Одан бөлек, Колумбияда ESPN спорт телеарнасының жүргізушісі Карлос Ордуз тікелей эфир кезінде орын алған оқыс оқиғадан аман қалған еді.

Студиядағы тікелей эфир кезінде тележүргізушінің үстіне үлкен декорация құлап кеткен. Абырой болғанда, ол ауыр жарақат алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1908630-belgili-bloger-azalmen-oinaimyn-dep-koz-zumdy/

pixel