jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматы әкімдігі қалада картопқа қатысты жағдай қандай екенін айтты

    Картоп
    Картоп. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Алматы әкімдігі қалада картоп тапшылығы жоқтығын мәлімдеді. Бұл туралы мемлекеттік мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне бүгін, 25 қаңтардағы жағдай бойынша картоп бағасына қатысты ақпарат берді.

    Аудан әкімдері аппаратының қызметкерлері ірі нарықтарда күнделікті мониторинг жүргізіп жатқаны хабарланды. Әкімдіктің мәліметінше, бүгінде нарықтағы картоптың орташа бағасы 350 теңге/кг.

    "Мониторинг барысында бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және кәсіпкерлердің 15 пайыздық сауда үстемесін сақтауын қадағалау жүргізіліп жатыр. Заңбұзушылықтар анықталса, кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

    Мәселен, биылғы жылдың басынан бері картоп бағасын негізсіз өсірген 4 кәсіпкерге айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

    Сондай-ақ сауда нүктелерінің біріндегі сөрелерде картопты бекітілген бағамен – 157 теңге/кг сату арқылы қаладағы бағаны тұрақтандыру жалғасып жатқаны атап өтілді. Басқа дүкендердің сөрелеріндегі бағалар 336 және 385 теңге.

    "Жалпы, барлық сауда орнында өнімдер жеткілікті көлемде қолжетімді, ажиотаж бен тапшылық жоқ", - деп сендірді әкімдік.

    Алматы әкімдігі қалада картопқа қатысты жағдай қандай екенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.