jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Пәтерақы шаршы метрге байланысты емес": ұлттық экономика вице-министрі тарифтердің көтерілуіне қатысты сұраққа жауап берді

    Ақша салынған құты
    Ақша салынған құты. Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Мәжіліс кулуарында ұлттық экономика вице-министріне коммуналдық қызмет тарифтерінің көтерілуіне қатысты сұрақ қойылып, қысқы кезеңде кейбір азаматтар 50-60 мың теңге төлеуге мәжбүр болып отырғаны айтылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов бұл сұраққа күтпеген жауап қайтарды - шенеунік коммуналдық төлемдер мөлшері үйдің аумағына байланысты емес екенін айтты.

    "Пәтерақы шаршы метрге байланысты емес, пәтер тұрғыны қанша тұтынатынына байланысты. Өз басым мен сіз көрсеткен сомадан әлдеқайда аз төлеймін. Бәлкім мен аз тұтынатын шығармын […].

    Бағаның көтерілгені байқалды, экономикада инфляция бар екені анық. Ол азайып келеді, бірақ ол бар. Қымбаттау бар, бірақ сіз мысалда келтіргендей күрт қымбаттаған емес", - деді вице-министр.

    Ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде халықтың әлеуметтік осал топтарын атаулы қолдау бағдарламасы бар екенін, егер ондай отбасының коммуналдық қызметтерге жұмсайтын шығыны олардың табысының 5-10 пайызынан асатын болса, мемлекеттен көмек көрсетілетінін айтты.

    Айта кетсек, Қазақстандағы коммуналдық төлемдер түбіртегінде жылуға, жалпы тұрғын үй қажеттіліктеріне арналған электр энергиясына және т.б. төлем мөлшері пәтердің ауданын есепке ала отырып көрсетіледі.

    Еске салсақ, бұған дейін Алматыда ақпан айынан бастап су қымбаттағанын жазған едік. Ауызсу тарифі 10 пайызға өсті.

    Ал Астанада қоқыс шығару тарифі қымбаттайтын болды. Бес жылдан бері кісі басына 390 теңге төлеп келген елордалықтар енді екі есе артық шығынданбақ. Қалалық мәслихат депутаттары жаңа баға бекітті.

    1 ақпаннан бастап елімізде жарық бағасы да бірден 20 пайызға өсті. Министрліктің мәліметінше, елде бар бас-аяғы 36 электр станциясы тарифті көтерген.

    "Пәтерақы шаршы метрге байланысты емес": ұлттық экономика вице-министрі тарифтердің көтерілуіне қатысты сұраққа жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.