Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Катар әмірі Тоқаевпен түскен суретін жариялап, оның сапары туралы айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамим бен Хамад Әл Тани
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамим бен Хамад Әл Тани. Фото: twitter.com/tamimbinhamad

Катар әмірі Тамим бен Хамад Әл Тәни Х желісіндегі парақшасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен түскен суретін жариялады. Катар басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапары туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Катар басшысы желідегі парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаевпен түскен екі суретін жариялады.

"Біз Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапарына және біздің Катар мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамыту бойынша талқылауымызға көңіліміз толады.

Біз достас екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту тетіктерін келістік және ортақ ұмтылыстар мен қалаған амбицияларға сәйкес тұрақты серіктестік орнату арқылы жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз", - деп жазды Әл-Тани.

Тоқаевтың Катарға ресми сапары

13 ақпанда мемлекет басшысы Катарға мемлекеттік сапармен келді.

14 ақпанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Катар әмірінің Diwan Amiri сарайына келді. Резиденцияда Қазақстан президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Катар мемлекетінің әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен келіссөз жүргізді.

Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды.

Кейін Тоқаевқа Катар мемлекетінің негізін қалаған шейх Джасим бен Мұхаммед бен Тәнидің қылышы табысталды.

Сондай-ақ президент Катар мемлекетінің премьер-министрі – сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен келіссөз жүргізді.

Одан бөлек, Тоқаев қазақ-қатар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, Катардың Power International Holding компаниясының иелері Муатаз Әл-Хаят пен Рамез Әл-Хаятты қабылдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2061056-katar-amiri-toqaevpen-tusken-suretin-zarilap-onyn-sapary-turaly-aitty/

pixel