jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев: Ана тілімізді ардақтамасақ, елдігімізге сын

    Фото
    Фото: Ақорда

    "Nur Otan" партиясының кезектен тыс XX съезінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тіл туралы сөз қозғады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

    Ел президенті "Рухани жаңғыру" бағдарламасын белсенді түрде жүзеге асыра беретінін атап өтті.

    Оның сөзінше, бұл аса маңызды құжат ұрпақтың санасын серпілтіп, ұлттың жаңа болмысын қалыптастыруға арқау болады.

    "Одан бөлек, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын одан ары кеңейтуге күш жұмылдырамыз. Ана тілімізді ардақтамасақ, елдігімізге сын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Сонымен қатар, мемлекет басшысы кез келген шаруашылық қызметімен айналысқан жағдайда табиғатты сақтау және оны қорғау міндеті басты қағидаттың біріне айналатынын баса айтты.

    "Жаңа экологиялық кодекс және Жасыл өсім тұжырымдамасы қабылданады. Біз прагматизм құндылықтарын - үнем, қанағат және ұстамдылық мәдениетін орнықтыруымыз керек", - деді ол.

    Осыған дейін мемлекет басшысы арнаулы жәрдемақы кімдерге төленетінін айтқан болатын.

    Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылға қарай елімізде дәрігерлердің жалақысы 2,5 есеге ұлғаятынын мәлімдеді.

    "Басты мақсат – қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығын 75 жылға дейін ұлғайту", – деді мемлекет басшысы.

    Еске сала кетсек, осыған дейін Нұр-Сұлтанда Елбасының қатысуымен Nur Otan партиясының съезі басталғанын жазған едік.

    Тоқаев: Ана тілімізді ардақтамасақ, елдігімізге сын

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.