jitsu gif
Саясат

    ҰҚК қазақ-ресей шекарасындағы ахуал туралы айтты

    Ресеймен шекаралас Жайсаң бекетіндегі жолаушылар
    Ресеймен шекаралас Жайсаң бекеті. Фото: KAZ.NUR.KZ/Ардақ Ерубаева

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті әлеуметтік желілерде таралған қазақ-ресей шекарасындағы өткізу пунктерінің жабылуы туралы ақпаратқа жауап берді. Ведомствоның мәлімдемесі ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақ-ресей шекарасындағы өткізу пунктерінің жабылуы туралы ақпарат таралуда.

    Қазақстандық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлаймыз.

    Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу Қазақстан Республикасының заңнамалары мен халықаралық келісімдеріне сәйкес іске асырылуда.

    Ресейлік тараптан өткізу пунктерінің жабылуы туралы ресми ақпарат түскен жоқ", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, 21 қыркүйекте Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин ресейліктерге үндеу жасап, елде ішінара мобилизация жариялады.

    Осыдан кейін әлеуметтік желілерде Қазақстан-Ресей шекарасында ұзын-сонар тізіліп тұрған көліктердің фото-видеосы пайда болды.

    23 қыркүйекте еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан-Ресей шекарасындағы ахуалға қатысты пікір білдіріп, Қазақстанға кіріп жатқан шетел азаматтарының саны артқанын хабарлады.

    Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, соңғы күндері Ресейден Қазақстанға көлік ағыны 20 пайызға артқан.

    ҰҚК қазақ-ресей шекарасындағы ахуал туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.