jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан Арменияға әскери техника жеткізді деген ақпарат жоққа шығарылды

    Әскери техника
    Әскери техника. Фото: Қорғаныс министрлігі ресми сайты

    Әлеуметтік желі мен интернет кеңістігінде Қазақстан Арменияға әскери техника жеткізгені туралы ақпарат тараған болатын. Алайда Қорғаныс министрлігі өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады Stopfake.kz порталы хабарлады.

    "Армения Республикасына қазақстандық қару-жарақты жеткізу туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Сонымен қатар 2022 жылдан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынған.

    Осыған байланысты азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын мұндай қауесеттерге ермеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз", – деп жазады портал Қорғаныс министрлігі хабарламасына сілтеме жасап.

    Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде қазақстандық әскери техника Ресейге жөнелтіліп жатқаны туралы осыған ұқсас тағы бір фейк ақпарат пайда болған еді.

    Сондай-ақ Қазақстан мен Ресей шекарашылары арасында қақтығыс болып, салдары сипатталған видео жарияланды деген ақпарат тараған болатын.

    Бұл қауесетке қатысты Ішкі істер министрлігі пікір білдірді.

    "Қазақстан Республикасының ІІМ Қостанай облысындағы шекарадағы арандату туралы әлеуметтік желілерде таралған ақпарат шындыққа жанаспайтынын және жалған болып табылатынын хабарлайды.

    Видеода биыл 8 қыркүйекте Қостанай қаласы аумағында өткен жоспарлы далалық сабақтарға бара жатқан ҚР ІІМ Ұлттық ұлан автокөлігінің колоннасы көрсетілген. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

    Онымен қоса еліміздің Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желіде тараған "Қазақстан Украинаға әскери техника жіберді" деген ақпаратқа қатысты пікір білдіргені туралы жазған едік.

    Қазақстан Арменияға әскери техника жеткізді деген ақпарат жоққа шығарылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.