Саясат

Зектілері

Руслан Берденовтің қызметтік міндетін уақытша кім атқаратыны белгілі болды

Жарияланған күні:

Руслан Берденов
Руслан Берденов. Фото: facebook.com/ruslan.berdenov

Жараланып ауруханаға түскен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің қызметтік міндеті Қуаныш Асыловқа жүктелді, деп хабарлайды Kazinform.

Агенттіктің жазуынша, Руслан Берденов Шымкенттегі құрылыс, сәулет, жер қатынастары және қала құрылысы секілді негізгі салаларға жетекшілік етеді.

Әзірге бұл бағыттар 2023 жылдың қаңтарында әкімнің бірінші орынбасары болып тағайындалған Қуаныш Асыловтың бақылауында болады.

Ол бұған дейін Президент әкімшілігінде мемлекеттік инспектор болып қызмет атқарған.

Естеріңізге сала кетейік, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке шабуыл жасалды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті шенеунікке қарай үш рет оқ атқан. Оқиға салдарынан әкімдік қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Дәрігерлер Руслан Берденовке шұғыл түрде ота жасалғанын, ота төрт сағаттан аса уақытқа созылғанын жеткізді. Кейінірек оның есін жиғаны белгілі болды.

Мәжіліс депутаты Болатбек Әлиевтың айтуынша, Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы орташа ауыр, реанимацияда жатыр. Ол бүгін Берденовтің халін сұрау үшін Шымкентке арнайы ұшып барған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2239020-ruslan-berdenovting-qyzmettik-mindetin-uaqytsha-kim-atqaratyny-belgili-boldy/